< Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы

Ст. 14-2 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы
14-2-бап. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай: 

1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген; 

2) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген); 

3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген; 

4) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген; 

5) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған; 

6) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген; 

7) саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде енгізіледі. 

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізіледі. 

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттар қоса беріле отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі. 

Акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тұрған жерін өзгерту жылжымайтын мүліктің меншік иесінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімімен жүзеге асырылады. 

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеру жағдайлары бұған кірмейді. 

Заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы тіркеуші органға уақтылы хабар бермеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа алып келеді. 

Коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) тізімі тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефонының нөмірі, жеке қолтаңбасы көрсетіле отырып, қосымша ұсынылады. 

Заңды тұлғалар, филиалдар (өкілдіктер) құрылтай құжаттарына 5) тармақшасын қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы тіркеуші органға құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабар береді. 

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі. 

Сот актілерінің, сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамаққа алуларының) болуы, сондай-ақ осы Заңның 11-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар, өтініш берушіге бұл туралы хабар бере отырып, электрондық хабарламаны орындамай қалдыру үшін негіз болып табылады. 

Заңды тұлға, филиал (өкілдік) енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады. 

Ескерту. Заң 14-2-баппен толықтырылды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 14‑1 14‑2 15 16 ...19
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться