Ст. 12-1 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі
1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жекеше әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады. 2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.
3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, жекеше әріптестің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.
Жекеше әріптес кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.
Ескерту. 1-тарау 12-1-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей