Ст. 40-1 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
40-1-бап. Жекеше бастама негізінде жекеше әріптесті таңдау ерекшеліктері
1. Әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесінен бір немесе бірнеше міндетті шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын әзірлеу арқылы бастамашылық жасауы жекеше бастама деп танылады. 2. Жекеше бастаманы іске асыру шеңберіндегі конкурстық (аукциондық) құжаттаманы тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдар келісілгеннен және сараптамадан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекітеді.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан конкурстың (аукционның) жеңімпазы жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске оның конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге міндетті.
Конкурстық өтінімдер болмаған кезде жоба бойынша конкурс өтпеді деп есептеледі. Бұл ретте қайта конкурс өткізуге жол беріледі.
Ескерту. 40-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей