Ст. 44-1 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері
1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген жобалар үшін (оның ішінде бірнеше жобаны қамтамасыз ету үшін) жеке түрде, сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады. 2. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жекеше әріптес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде пайда болған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік меншікке беріледі.
4. Жекеше әріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға (реконструкциялауға) бағытталған инвестициялық шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктерін, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. Заң 44-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей