< Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Ст. 10 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі

1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Жоғары аудиторлық палата;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары);

3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;

5) көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері;

6) штат саны шеңберінде бірінші басшының ұйғаруы бойынша құрылатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының ішкі аудит қызметтері құрайды.

1-1. Ішкі аудит қызметтері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратында, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында, Жоғары аудиторлық палатада, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде құрылмайды.

2. Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.

3. Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...62
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться