Ст. 100-1 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV
Мемлекеттiк мүлiк туралы
100-1-бап. Жекешелендіру объектісінің құны
1. Жекешелендіру объектісін сату жекешелендіру объектісінің нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады. Мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет ететін бәсекелестік жағдайларында, мәміле негізінде жекешелендіру объектісі иеліктен шығарылуы мүмкін есептік ақшалай сома жекешелендіру объектісінің нарықтық құны болып табылады.
Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады және оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейді.
2. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен астам болатын жекешелендіру объектісін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес тәуелсіз консультанттар жүзеге асырады.
3. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен аз болатын жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Сатушы жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілені қолдау мақсатында тартатын заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе олардың бірлестіктері, бағалау және (немесе) инвестициялық қызметке және (немесе) қаржылық консультация беруге қатысушылар тәуелсіз консультанттар болып табылады.
5. Тәуелсіз консультантты таңдау бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Тәуелсіз консультантты тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Жекешелендіру объектісінің нарықтық құны жекешелендіру объектісінің баланстық құнынан төмен болуы мүмкін.
Ескерту. 10-тарау 100-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей