Ст. 33 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV
Мемлекеттiк мүлiк туралы
33-бап. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың мемлекеттік мүлік құрамына түсуі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше құндылыққа жатқызылған және мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың меншiк иесi осы ескерткіштер мен құндылықтарды күтімсіз ұстап, бұл оларға өз маңызын жоғалту қатерiн төндiрген жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткіштер мен құндылықтарды меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу арқылы алып қояды. 2. Тарих және мәдениет ескерткіштері, мәдени құндылықтар сатып алынған кезде – олардың құны тараптардың келiсiмімен, ал дау туған жағдайда сот тәртібімен белгіленген мөлшерде меншiк иесiне өтеледi.
3. Күтiмсiз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын сақтауын және күтімсіз ұсталған тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет меншігіне өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
5. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде оларды күтімсіз ұстау фактілері анықталған жағдайда тиісті уәкілетті органдар:
уәкілетті орган – халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесіне;
жергілікті атқарушы органдар – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұзғаны және осындай бұзушылықтарды нұсқамада көрсетілген мерзім ішінде жою туралы нұсқама береді.
6. Ұлттық мәдениет игiлiгі объектiлерiнің мемлекеттiк тiзiлiміне енгiзiлген мәдени құндылықтарды тиісінше күтіп ұстамаған және сақтамаған жағдайда мәдениет саласындағы уәкілетті орган мәдени құндылықтардың меншік иесіне мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұзғаны және осындай бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жою туралы хабарлама береді.
7. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің, мәдени құндылықтардың меншік иесі олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді бұзушылықты жоймаған жағдайда:
халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға қатысты – уәкілетті орган;
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды меншік иесінен алып қою туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
8. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, мәдени құндылықтарды мемлекет соттың шешімі бойынша алып қойған жағдайда, олар – республикалық мүлік құрамына, ал жергілікті маңызы барлары коммуналдық мүлік құрамына түседі.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей