< Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы

Ст. 27 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
27-бап. Бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі тексерілетін субъектінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:

 1) тексеру жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:

жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;

тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;

осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге (объектіге) бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындаған;

егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;

осы Заңның 13, 14, 15-баптарында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;

егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;

тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;

осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше тексерілетін субъектілер көрсетілген;

тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңның талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;

2) егер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатқызылмаған немесе актіде көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;

3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;

5) тексеруді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізген жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;

6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.

2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін объектіге бару арқылы тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:

1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;

3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;

4) жүргізілген тексеру аяқталған күні нәтижелері туралы актіні алғаны туралы оның екінші данасында белгі жасауға;

5) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

6) объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

7) хабарлама алған жағдайда тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін объект тұрған жерде болуға міндетті.

 Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...31
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться