Ст. 27 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
27-бап. Бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі тексерілетін субъектінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:
1) тексеру жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге (объектіге) бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Заңның 13, 14, 15-баптарында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше тексерілетін субъектілер көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңның талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатқызылмаған немесе актіде көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;
3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізген жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;
6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін объектіге бару арқылы тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:
1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;
4) жүргізілген тексеру аяқталған күні нәтижелері туралы актіні алғаны туралы оның екінші данасында белгі жасауға;
5) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
6) объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
7) хабарлама алған жағдайда тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін объект тұрған жерде болуға міндетті.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
О платежах и платежных системах Статья 10. Поставщики платежных услуг О платежах и платежных системах Статья 54. Исполнение судебного акта и постановления судебного исполнителя О платежах и платежных системах Статья 28. Закрытие банковского счета Қазақстан Республикасының Патент Заңы 38-бап. Шет елдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан Статья 42. Дополнительная и повторная судебные экспертизыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей