< Азаматтық қорғаныс туралы

Ст. 19 Азаматтық қорғаныс туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғаныс туралы
19-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, сондай-ақ халқы орындауға мiндеттi азаматтық қорғанысты дайындау және жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдайды;

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ереженi бекiтедi;

авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;

 Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбiт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныс жоспарын әзiрлейдi, оны Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтарына бекiтуге табыс етедi және оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;

Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi;

төтенше жағдайлардан қорғау саласында ұйымдар, оның iшiнде коммерциялық емес мамандандырылған ұйымдар, оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүргiзедi;

Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi адам құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың азаматтық қорғаныс бойынша әзiрлiгiн ұйымдастырады, осы мақсаттарда тиiстi дайындық бағдарламаларын жасайды;

азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдар жөнiндегi қажеттердi айқындайды;

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерiнiң жауынгерлiк және мобилизациялық әзiрлiгiн қамтамасыз етедi;

Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелерiне сәйкес әскери қызметшiлердi лауазымға тағайындайды, ауыстырады, қызметтен босатады және шығарады, сондай-ақ әскери қызметшiлерге және әскери мiндеттiлерге мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, әскери атақтар бередi, оларды төмендетедi және әскери атақтардан айырады;

Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектiлерiн санаттарға бөлу дәрежесiне байланысты бекiтедi;

Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

 қазiргi заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым басшыларын және халықты одан қорғану тәсiлдерiн және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдар жасауға үйретудi ұйымдастырады;

халықты құлақтандырудың және байланыстың республикалық жүйесiн дереу пайдалануға, оны жарақтандыру мен дамытуға тұрақты дайындық жасайды және оны қамтамасыз етедi;

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;

осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 Ескерту. 19-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 № 48, 2006.07.07 № 183, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  
Статья 1 ...17‑1 18 19 20 21 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться