< Азаматтық қорғау туралы

Ст. 20 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Азаматтық қорғау туралы
20-бап. Қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызу. Ұйымдарды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу

1. Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу мемлекеттiк, қорғаныстық маңызына және халықтың тiршілігін қамтамасыз етуге қарай азаматтық қорғаныс iс-шараларын кешендi және сараланған түрде жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады. 

2. Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын мiндеттердiң көлемiне қарай қалалар үшін мынадай: ерекше, бiрiншi, екiншi және үшінші топтар айқындалады. 

Қалаларды топтарға жатқызу мынадай критерийлер бойынша белгiленедi: 

1) ерекше топқа республикалық маңызы бар қалалар және астана жатады; 

2) бiрiншi топқа мынадай қалалар: 

халқының саны миллион адам және одан астам болатын; 

халқының саны бес жүз мың адам және одан астам, аумағында аса маңызды санаттағы кемiнде үш ұйым немесе елуден астам санаттандырылған ұйым орналасқан; 

егер қала халқының не аумағының елу пайыздан астамы жаһандық немесе өңiрлік ауқымдағы ықтимал төтенше жағдай аймағына кірсе жатады; 

3) екiншi топқа мынадай қалалар: 

халқының саны бес жүз мың адам және одан астам болатын; 

халқының саны екі жүз елу мың адамнан бес жүз мың адамға дейiн, аумағында аса маңызды санаттағы кемiнде екi ұйым немесе жиырмадан астам санаттандырылған ұйым орналасқан; 

егер қала халқының не аумағының отыздан елу пайызға дейiнгісі жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдай аймағына кірсе жатады; 

4) үшінші топқа мынадай қалалар: 

халқының саны екі жүз елу мың адамнан бес жүз мың адамға дейiнгі; 

халқының саны он мың адамнан екі жүз елу мың адамға дейiнгі, аумағында аса маңызды санаттағы бір ұйым немесе екеуден астам санаттандырылған ұйым орналасқан; 

егер қала халқының не аумағының отыз пайыздан азы жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдай аймағына кірсе жатады. 

3. Ұйымдар үшін ықтимал төтенше жағдайлардың әлеуетті қауiптілiгiне, әлеуметтiк-экономикалық салдарларының шамасына қарай азаматтық қорғаныс бойынша мынадай санаттар айқындалады: аса маңызды және санаттандырылған. 

Аса маңызды санатқа аумағында жұмыс iстеуiнiң бұзылуы ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн және төтенше жағдайлардың туындау қаупiн туғызатын стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар жатады. 

Санаттандырылған ұйымдарға жұмыс iстеуiнiң бұзылуы елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарларға, өңiрлiк және жергілiктi ауқымдардағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкiн мынадай ұйымдар: 

аса маңызды мемлекеттік меншік объектiлері; 

өнеркәсіптің, көлiк-коммуникация кешенiнiң, энергетиканың, байланыстың жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жобаланатын қауiптi өндiрiстік объектiлерi бар және маңызды мемлекеттiк және экономикалық мәнi бар ұйымдар; 

уларды өндірумен, қайта өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, өткізумен, пайдаланумен және жоюмен, патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеумен айналысатын ұйымдар; 

аумағында тіршілiктi қамтамасыз ету объектiлерi орналасқан ұйымдар жатады. 

4. Ұйым азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйыммен бiр өндiрiстік аумақта орналасқан кезде ол сол санатқа теңестiрiледi. 

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жыл сайын азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөніндегі тізбелерді дайындайды, оларды тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың азаматтық қорғанысы бастықтары бекітеді. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...109
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться