Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

Азаматтық қорғау туралы
22-бап. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері және бейбіт уақыт пен соғыс уақытындағы олардың міндеттері

1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері: 

1) бейбіт уақытта: 

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою; 

жауынгерлік, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру; 

төтенше жағдайлар аймақтарындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау; 

төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысу; 

уәкілетті органның қарауындағы басқару пункттерін күзетуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; 

төтенше жағдайлар аймақтарына, оның ішінде шет мемлекеттерге де жеткізілетін жүктерді тасымалдау, алып жүру және күзету; 

жұмылдыра өрістетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесіне келтiру жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру; 

оқу объектілерін, полигондарды әзірлікте ұстап тұру; 

төтенше жағдай енгізілген және терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ азаматтық қорғау құралдарын қорғау; 

төтенше жағдай енгізілген және терроризмге қарсы операция жүргізілген кезде күзетілетін қарауылдарға, объектілерге, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің, уәкілетті органның аумақтық органдарының, оның ведомстволарының, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының үй-жайлары мен құрылысжайларына қарулы шабуылды тойтару; 

2) соғыс уақытында: 

қорғаныс шептері мен позицияларын құру; 

зақымдау ошақтары мен зарарлану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу; 

зақымдау ошақтарында, зарарлану және апатты су басқан аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу; 

әуеайлақтарды, жолдарды, өткелдерді және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды бөліктерін қалпына келтіру, қайта тиеу пункттерін жабдықтау; 

эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге қатысу; 

Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының жекелеген міндеттерін орындау; 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау болып табылады. 

2. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiнің шет мемлекеттердің аумақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарға қатысуы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады. 

3. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiн қолдану туралы шешімді уәкілетті органның басшысы қабылдайды. 

3-1. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарында көрсетілген міндеттерді орындау үшін арнаулы мақсаттағы бөлімшелер құрылады. 

4. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері азаматтық персоналмен де жасақталады. Азаматтық персонал алмастыратын лауазымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, уәкілетті органның жалпы саны лимиттері шегiнде уәкілетті органның басшысы белгiлейдi. 

5. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерін жұмылдыра өрістету үшін штаттарға және тиесілік нормаларына сәйкес: техника, қару-жарақ, материалдық-техникалық құралдардың запастары құрылады және күтіп-ұсталады. 

6. Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері жеке құрамының қызмет режимі мен жұмыс күнінің ұзақтығын төтенше жағдайды жою басшысы бұлардың жүргізілу сипатын, ерекшеліктерін, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді ескере отырып белгілейді. 

7. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қалашықтарының тұрғын үй-жайлары мен басқа да құрылыстары, полигондары, оқу объектілері, оқу-материалдық базасы, материалдық-техникалық құралдары мемлекеттік меншік болып табылады. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің санамаланған және бөлінген өзге де мүлкі жедел басқару құқығымен оларға бекітіледі. 

Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 202-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...109

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться