< Кинематография туралы

Ст. 5 Кинематография туралы 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 212-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Кинематография туралы
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 

1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

2) кинематографияны мемлекеттік реттеуді және қолдауды жүзеге асырады; 

3) мемлекеттік ұйымдардың кинематографияны дамыту жөніндегі қызметін қолдап отырады және үйлестіреді; 

4) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізеді; 

5) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

5-1) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді; 

6) прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

7) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

8) прокаттау куәлігін және ұлттық фильм куәлігін береді; 

9) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақша осы Заңның 18-бабына сәйкес 31.12.2025 дейін қолданылады.

10) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді; 

11) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асырады; 

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп таниды; 

13) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі; 

14) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамытады, кинематографиялық қызмет субъектілерінің халықаралық комиссияларға, кинофестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады; 

15) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіруді және есепке алуды қамтамасыз етеді; 

16) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асырады; 

17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.09.2022 № 143-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...18
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться