< Бәсекелестiк туралы

Ст. 54 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
54-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау мерзімдері

1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхатты берушi тұлғаны өтінішхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхатты берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.

5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

6. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарауды қайта бастайды, ол жөнінде өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнiң өтуi жалғасады.

 Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...52 53 54 54‑1 54‑2 ...81
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться