Ст. 54-2 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV
Бәсекелестiк туралы
54-2-бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама
1. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) өздерiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
2. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
Ескерту. 8-тарау 54-2-баппен толықтырылды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей