< Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы

Ст. 1 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) ақпарат беру туралы шарт- осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;

3) ақпарат беруші - кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;

5) жазбаша нұсқама – уәкілетті органның кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке қолданатын ықпал ету шарасы;

6) кредиттік бюро - кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;

7) кредиттік есеп - кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;

8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт;

9) кредиттік есепті алушы - кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға;

10) кредиттік есепті беру - кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі;

10-1) кредиттік скоринг – сапа мен сан сипаттамаларына негізделген математикалық және (немесе) статистикалық модельдің көмегімен есептелетін, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін және қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындау ықтималдығын, күтілетін кредиттік шығасыларды бағалау;

11) кредиттік тарих - кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;

12) кредиттік тарих субъектісі - өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;

13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге арналған рұқсаты не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге арналған рұқсаты;

13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) – кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын, кредиттік тарих субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі мәліметтер;

13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат – заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралынемесе кредиттік тарих субъектісінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп танылғаны туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;

14) кредиттік тарихты қалыптастыру - кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы;

15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары - кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар;

16) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның электрондық ақпараттық ресурстары;

16-1) өтініш беруші – кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;

17) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

18) шартты және ықтимал міндеттемелер - өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться