Ст. 15 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573
Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.
Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.
Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде – кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде – сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей