< Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы

Ст. 19 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері

1. Ақпарат берушi:  

1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;  

2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.  

2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер: 

1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  

61-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға; 

2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;  

3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;  

4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;  

5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;  

6) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;  

7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;  

8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға: 

осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктер мен коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін – осы Заңның 24-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 3-2) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі – жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде; 

осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде; 

коллекторлық агенттіктер мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларда көрсетілген ақпарат берушілер үшін – кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ақпарат беруге міндетті. 

Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды. 

2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер: 

1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға; 

2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті. 

3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:  

1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;  

2) кредиттік тарих субъектiлерi туралы өздерiнде бар ақпаратты кредиттiк бюроларға тегін бередi.  

4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.  

5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды. 

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться