Ст. 3 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573
Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері
Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады: 1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттік тарих субъектісінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімінің не кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімінің болуы;
2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі;
3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану;
4) ақпараттың құпиялылығы;
5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету;
6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей