Лицензиялау туралы
20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару
түрлерi, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып
жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметтi
лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: 1) монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
1) монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру;
монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу;
монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткiзу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерiнiң өндiрiстiк қажеттiлiктерi үшiн сатып алу;
3) босатылған оқ-дәрiнi, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
босатылған оқ-дәрiнi жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын әзiрлеу;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын өндiру;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын жөндеу;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сату;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын экспонаттау;
5-1) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатып алу;
6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндiру;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;
7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.
Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей