Лицензиялау туралы
22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
қызметтi лицензиялау
1. Байланыс саласында қызметтер көрсетудi ұсыну жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
қалааралық телефон байланысы;
халықаралық телефон байланысы;
спутниктiк жылжымалы байланыс;
ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).
2. Мынадай қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу талап етiлмейдi:
1) меншiктi не жалға алынған желiлiк немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиiстi лицензиялар негiзiнде әрекет ететiн басқа байланыс операторларының қызметтерiн ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi.
Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледi, олардың құрылымы лицензиармен келiсiлуге тиiс. Делдалдар қызметтердi шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға мiндеттi. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердiң сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап бередi;
2) өндiрiсiшiлiк қызметтi және технологиялық процестердi, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға байланыс қызметтерiн ұсынбай радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерiн пайдаланбай, басқаруға арналған желiлердi құру және пайдалану жөнiндегi қызмет;
3) байланыс қызметтерiн көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосылмаған және негiзгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтiк және пейджингтiк байланыс) жөнiндегi қызмет.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиiлiк, радиожиiлiк жолақтарын (радиожиiлiк арналарын) пайдалану үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бередi.
Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей