< Лотереялар және лотерея қызметі туралы

Ст. 1 Лотереялар және лотерея қызметі туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Лотереялар және лотерея қызметі туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бас жүлде – тираждың ұтыс ойынын өткізу барысында ойнатылмаған және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес бір тираждан келесі тиражға ауысатын тираждық лотереяның жүлде қорының бір бөлігі;

2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тарату (өткізу) есебінен не лотерея операторының дербес қаражаты есебінен қалыптастырылатын және лотереяға қатысушыларға ұтыс түрінде төленетін ақша және (немесе) өзге де мүлік;

3) жүлде қорының ұтыс ойыны – лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін жүргізілетін және ұтқан лотереяға қатысушыны (қатысушыларды) анықтауға бағытталған процесс;

4) лотерея – осы Заңға, лотереяны өткізу талаптарына және шарттарына сәйкес өткізілетін, егер ол лотереяны өткізу шарттарына сәйкес ұтқан деп танылатын болса, бір тарап (лотерея операторы) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізетін, ал екінші тарап (лотереяға қатысушы) ұтысқа құқық алатын ойын. Коммерциялық ұйымдардың тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатуын ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны лотерея болып табылмайды;

5) лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы – байланыс желілеріне қосылған және таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты алуға, сақтауға және есепке алуға және оны лотерея операторынан лотереялық есептілік орталығына беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

6) лотерея билеті, түбіртек немесе өзге де құжат – лотереяны өткізу шарттарында көзделген, лотереяға қатысу құқығын куәландыратын, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;

7) лотерея есептілігінің орталығы – байланыс желілері арқылы лотерея ақпаратын өңдеу орталығына қосылған, таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты лотерея операторынан уақтылы алуға мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық кешен;

8) лотерея жабдығы – ұтыс комбинациясын анықтауға арналған құрылғы немесе құрылғылар (кездейсоқ сандардың генераторы, механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге де техникалық құрылғылар);

9) лотереялар және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

10) лотерея комбинациясы – лотереяны өткізу шарттарында көзделген, лотерея билетінде, түбіртекте немесе өзге де құжатта көрсетілген нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы;

11) лотереяға қатысушы – жүлде қорының ұтыс ойынына қатысу құқығын беретін лотерея билетін, түбіртекті немесе өзге де құжатты иеленген, он сегіз жасқа толған жеке тұлға;

12) алып тасталды – ҚР 10.06.2020 № 343-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13) лотерея операторы – лотерея өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

14) лотереяны өткізу – лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды дайындау не оларды дайындауға арналған шарттарды жасасу, сондай-ақ лотереялық жабдықты және лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де жабдықты, бағдарламалық өнімдерді дайындаушымен шарттарды және (немесе) лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де шарттарды (келісімшарттарды) жасасуды, лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды таратуды (өткізуді) және есепке алуды, жүлде қорының ұтысын ойнатуды, ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға сараптама жасауды, лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеуді, лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де іс-қимыл мен іс-шараларды жүзеге асыруды қамтитын іс-шараларды жүзеге асыру;

14-1) лотерея таратушы (агенті) – сыйақы үшін лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды таратуды (өткізуді), ұтыс шыққан лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тексеруді, сондай-ақ лотерея операторы атынан және есебінен ұтыстар төлеуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

15) лотерея терминалы – лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды өткізуге (ресімдеуге) арналған жабдық;

16) мезеттік лотерея – ұтыстарды анықтауға мүмкіндік беретін нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы лотерея билеттеріне, түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға дайындау сатысында және олар лотереяға қатысушылар арасында таратылғанға (өткізілгенге) дейін салынатын лотерея түрі. Мезеттік лотереяны өткізу кезінде мұндай лотереяға қатысушы лотерея билеті, түбіртек немесе өзге де құжат ақысы төленгеннен кейін және лотерея билеті, түбіртек немесе өзге де құжат берілгеннен (ресімделгеннен) кейін тікелей өз ұтысының бар екенін және мөлшерін немесе оның жоқ екенін анықтайды;

17) тираж – лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүлде қорының (жүлде қорының бір бөлігінің) ұтыс ойынына қатысатын таратылған (өткізілген) лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың саны;

18) тираждық лотерея – лотереяға қатысушылар арасында жүлде қорының ұтыс ойыны лотерея жабдығын пайдалану арқылы лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін бір мезгілде өткізілетін лотерея түрі;

19) ұтыс – лотерея операторы лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жеңімпаз деп танылған лотереяға қатысушыға лотереяны өткізу шарттарына сәйкес мөлшермен және нысанда (ақшамен немесе заттай) төлейтін жүлде қорының бір бөлігі.

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 343-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...18
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться