< Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы

Ст. 6 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

1. Мәслихаттардың құзыретiне: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаның өзгеріс енгізілген осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).

1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан әкімдері (қаладағы әрбір аудан бойынша жеке-жеке) іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту; 

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту; 

4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу; 

4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту; 

4-2) қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту; 

4-3) жасыл екпелердi жасау, күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту; 

4-4) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекіту; 

5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу; 

5-1) алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу; 

6-1) алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамалық актiсiне сəйкес аумақтық жəне учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау; 

8) алынып тасталды - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау; 

9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау; 

9-2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу; 

10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу; 

10-1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 

11) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту; 

12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру; 

12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту; 

12-3) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту; 

13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру; 

14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу; 

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады. 

2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және медицина қызметкерлерін қоса алғанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады. 

2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады. 

2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады. 

2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының және жеңілдіктердің, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ең төмен кепілдік берілген көлемді айқындау қағидаларын бекіту жатады. 

2-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады. 

2-5. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы шешім қабылдау, олардың құрамын және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді бекіту жатады. 

2-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретiне облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту жатады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-7-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).

2-7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту жатады. 

2-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту жатады. 

2-9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жатады. 

2-10. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады. 

2-11. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын сайланған әкімнің отставкасын қабылдау немесе отставкасын қабылдаудан уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

Отставканы қабылдау немесе отставканы қабылдаудан бас тарту туралы шешім мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын сайланған әкімнің жеке жазбаша өтініші берілген күннен бастап бір ай мерзімде қабылданады. 

Отставка қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті шешімінің көшірмесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі. 

2-12. Облыс мәслихатының құзыретіне аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін бекіту жатады. 

2-13. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынудың тізбесі мен тәртібін бекіту жатады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-14-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады. 

3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы. 

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы. 

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары коммуналдық қалдықтарды (тұрмыстық қатты қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасын) көмгені, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, орман пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін бекітеді. 

6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды. 

7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.  

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 № 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.07.09 № 583, 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 № 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.09 № 213, 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.24 № 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.09 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2021 № 406-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...41
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться