Ст. 5 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы
5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi
1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. 2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
3. Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу үшін тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
7. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген (қосылған, біріккен) және қайта құрылған жағдайларда, мәслихат депутаттары жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды және қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары бөлініп шығу немесе бөліну арқылы өзгерген жағдайда:
1) аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихат депутаттары олардың сайлау округтеріне тиесілігіне қарай бөлінеді;
2) саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша сайланған мәслихат депутаттары тиісті саяси партияның пікірі ескеріле отырып, мәслихаттың шешімі бойынша жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің халық санына пропорционалды түрде бөлінеді.
Әкімшілік-аумақтық бірлік таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады.
8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы 7-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және көлік ұйымдарымен өзара іс-қимылы Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнама... Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 7-бап. Уәкiлеттi органның мәртебесiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей