< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 35 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
35-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру

1. Осы баптың 5, 6, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi. 

2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт конкурс нәтижелерінің негізінде оның жеңімпазымен жасалады. 

Конкурс өткізбей-ақ, тікелей келіссөздер негізінде: 

1) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге; 

2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге; 

3) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге; 

4-1) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерімен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге; 

5) осы Заңның 54-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге; 

6) қойнауында жерасты сулары бар жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы осы учаскеде арнаулы су пайдалану құқығын иеленген жағдайда, онымен халықты ауызсумен және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемдегі жерасты суларын өндіру жөніндегі операциялар жүргізуге; 

7) оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге; 

8) осы Заңның 10-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайда техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келiсiмшарттар жасалады. 

2-1. Барлауға арналған келісімшарт осы баптың 2-тармағында көзделген конкурсты өткізбей және тікелей келіссөздер жүргізбей, келісімшарттық аумақты осы Заңның 70-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерту нәтижесінде одан бөлінетін жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты құзыретті органның рұқсаты негізінде жасалуы мүмкін. 

3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

4. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты және барлау және (немесе) өндiру жөніндегі бекітілген жобалау құжаттарында көзделген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi. 

5. Шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық мақсаттағы жерасты суларын тәулігіне елу текше метрден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен өндіру құқығын беру су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады. 

6. Жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде қаттарға айдау үшін оларды барлау немесе өндіру не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіру құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсат беруі арқылы жүзеге асырылады. 

Осы тармақтың ережелері жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жүзеге асыратын, тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге қолданылмайды. 

7. Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен жүргiзiледi. 

8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт (шарт) жасасу арқылы ол белгілеген тәртіппен жүргізіледі. 

9. Кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде жерасты суларын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бар жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі. Жер учаскесін уақытша жер пайдалануға беру кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін, сондай-ақ тәулігіне елу текше метрден аспайтын көлемде өндірілетін жерасты суларын пайдалану талаптары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуі мүмкін. 

10. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезiнде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жергiлiктi атқарушы органның жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...130
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться