Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 37 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
37-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және онымен байланысты құқықтарды иеліктен шығаруға рұқсат беру тәртібі

1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, өзіне тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару ниеті бар тұлға құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді табыс етуге рұқсат беру туралы өтініш жібереді. 

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығарған кезде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсат беру туралы өтініш облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жіберіледі. 

2. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға және: 

1) жер қойнауын пайдалану құқығы не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объекті тиесілі заңды тұлғаның толық атауын не жеке тұлғаның тегін және атын; 

2) иеліктен шығарылатын жер қойнауы учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) көрсетуді не иеліктен шығаруға жататын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні көрсетуді; 

3) иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) көлемін не қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) мөлшерін, иеліктен шығарылатын бағалы қағаздар санын дәл көрсетуді, сондай-ақ бастапқы иегерде және басқа тұлғаларда қалатын құқықтар көлемін, иеліктен шығарылатын бағалы қағаздардың түрін көрсетуді; 

4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның жарғылық капиталының жалпы мөлшерi туралы және қатысушыларының құрамы, акцияларға меншiк құқығын растайтын не акцияларға айырбасталатын шығарылған бағалы қағаздарының жалпы саны, қатысушылары акцияларының жалпы саны мен пакеттерiнiң пайыздық арақатынасы туралы мәлiметтердi; 

5) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алушы туралы мәліметтерді: 

заңды тұлғалар үшін – сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, басшылары мен олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) мөлшері көрсетіле отырып, қатысушылар туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтерді, сатып алушының еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді; 

жеке тұлғалар үшін – сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда), заңды мекенжайын, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттары, мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуінің болуы не болмауы туралы мәліметтерді, сатып алушы қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді; 

6) соңғы үш жылда оларда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттер тізбесін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ персоналдың біліктілігін қоса алғанда, сатып алушының қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері туралы деректерді; 

7) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару негізін; 

8) жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) иеліктен шығару бойынша құқық қатынасында өтініш берушінің құқықтық мәртебесін көрсетуді; 

9) сатып алушының өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда өзі туралы көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыс екені туралы жазбаша растауын; 

10) өтінішке қол қойған адамның тегі мен атын, осындай адамның өкілеттіктерін көрсетуді, оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді; 

10-1) тарату қоры берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы беретін тарату қорының мөлшері туралы мәліметтерді; 

11) жер қойнауын пайдалану құқығының не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектінің бағасы және басқа да иеліктен шығару талаптары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. 

Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) қоса беріледі. 

Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, мұндай құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп, өзге тілде жасалуы мүмкін. 

РҚАО-ның ескертпесі!

2-1-тармақ 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

2-1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген кезде өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірме қоса беріле отырып) қоса тіркеледі. 

3. Құзыреттi орган осы баптың 2-тармағында көзделген өтініш пен құжаттар алынған, ал стратегиялық маңызы бар жер қойнауы, кен орындары учаскелеріне қатысты Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның хаттамасы да келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар тұжырымдау үшiн қажеттi материалдарды жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптама комиссиясының қарауына жiбередi. 

4. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия материалдарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті және өзге де материалдарды қарап, жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы тиісті ұсыныс әзірлейді. 

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия өтініш берушіден және басқа да тұлғалардан жер қойнауын пайдалану құқығын не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға тікелей қатысы бар кез келген қосымша материалдарды сұратуға және алуға құқылы. 

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсынысы құзыретті органға жіберілетін хаттамамен ресімделеді. 

5. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның ұсынысы негізінде ұсынысты алған кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды. 

6. Құзыретті орган мынадай талаптар сақталғанда ғана: 

1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) сатып алушы осы Заңда жер қойнауын пайдаланушыларға және жер қойнауын пайдалану құқығының берілуіне үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарға толық сай келсе; 

2) егер мұндай беру Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, келісімшарт шеңберінде құқықтарды шоғырландыру және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған құқықтарды шоғырландыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдер талаптарын сақтамауға әкеп соқпаса; 

3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруге рұқсат беру туралы өтініш осы баптың 2-тармағының талаптарына сай келсе, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға рұқсатты береді. 

7. Құзыретті органның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді белгілі бір тұлғаға иеліктен шығаруға рұқсат беруі туралы мәселе мұндай иеліктен шығарудың әрбір жағдайы үшін жеке-жеке қаралады. Жер қойнауын пайдаланушының не оның қатысушысының (акционерінің) қалауы бойынша мұндай иеліктен шығаруға ортақ рұқсатты келісімшартта не өзге шартта белгілеуге жол берілмейді. 

8. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні беруге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтылуы мүмкін. 

9. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес себебі түсіндірілмей ресімделеді. 

10. Көмірсутек шикізатына жер қойнауын пайдалану құқығы келiсiмшарт күшiне енген кезден бастап екi жыл бойы берiлмейтiн болады. 

Осы тармақтың ережелері: 

1) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның немесе олардың еншілес ұйымдарының жер қойнауын пайдалану құқығын беруі немесе сатып алуы; 

2) кепіл нысанасы ретінде жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алуды қолдану; 

3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру шеңберінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру немесе сатып алу; 

4) осы Заңның 36-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беру жағдайларында қолданылмайды. 

11. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығаруға рұқсат алты ай мерзімге беріледі. 

Мәміле белгіленген мерзімдерде жасалмаған жағдайда өтініш беруші рұқсаттың қолданылу мерзімін алты айдан аспайтын мерзімге ұзарту немесе мәміле жасасуға жаңа рұқсат алу үшін құзыретті органға жүгінуге міндетті. 

Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асырған тұлға жасалған мәміле туралы құзыретті органға мәміле жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті. 

12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсат беруі (беруден бас тартуы) және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиялардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акциялар пакетін) беруге рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар әзірлеуі осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...130

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии









Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться