< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 36 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
36-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру

1. Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру: 

1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде басқа тұлғаға жер қойнауын пайдалану құқығын ішінара немесе толық иеліктен шығару; 

2) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару; 

3) жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру; 

4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендерін жекешелендіру процесінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару; 

5) банкроттық рәсімі процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару; 

6) жер қойнауын пайдалану құқығынан, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден, оның ішінде кепілге беру кезінде ақы өндіріп алу; 

7) бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі жолымен, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысушылары құрамына жаңа қатысушыны қабылдау жолымен жарғылық капиталды ұлғайту нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы үлеске құқықтың пайда болуы арқылы жүзеге асырылады. 

2. Кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру құзыретті органның осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 

3. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға бастапқы шығару, оның ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы орналастыру құзыретті органның осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 

4. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді кепілге беру құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 

Жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салудан алынған кредитті жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыздық қатысу үлесі бар еншілес ұйым жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану не кейіннен қайта бөлісуді ұйымдастыру мақсаттарына пайдалануға тиіс. 

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген жағдайда, құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жасалған операция туралы хабардар етіледі. 

5. Осы баптың 2-тармағының ережелері мынадай жағдайларға: 

1) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауға; 

2) жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің барлығын немесе бір бөлігін: 

мұндай еншілес ұйым салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі болатын еншілес ұйымның пайдасына; 

жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің барлығын немесе бір бөлігін сатып алушы салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, әрқайсысында қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде белгілі бір тұлғаға тиесілі болатын заңды тұлғалар арасында беруге; 

3) егер осындай берудің нәтижесінде тұлға жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның және (немесе) осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) 0,1 пайыздан кеміне тікелей немесе жанама түрде (үшінші тұлғалар арқылы) билік ету құқығын сатып алса, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерін) беруге қолданылмайды. 

6. Жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт (шарт) негізінде берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру осы органның алдын ала келісімі негізінде ғана жүргізілуі мүмкін. 

7. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар немесе жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға беру кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн пайдалану шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуi мүмкiн. 

Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының рұқсаты талап етiлмейдi. 

Өз мұқтажын қанағаттандыру үшін кең таралған пайдалы қазбаларға және жерасты суларына жер қойнауын пайдалану құқығын қойнауында солар болатын жер учаскесінсіз беруге тыйым салынады. 

8. Жер қойнауын пайдалану құқығын басқа тұлғаға ішінара беру жағдайында жер қойнауын пайдаланушы және осындай тұлға келісімшарт бойынша бірлесіп құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарт не келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу туралы өзге де шарт құзыретті органмен немесе кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және келісімшарт тараптары үшін міндетті күші бар келісімшартқа толықтыру болып табылады. 

9. Иелері бірнеше жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін беру жағдайында мұндай беру осы жер қойнауын пайдалану құқығының барлық иелерінің келісімімен ғана мүмкін болады. 

10. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшартқа қандай да болсын қатысуы сақталатын кезге дейін ол және жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлға келісімшарттың негізінде туындаған міндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілік атқарады. 

11. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесін, тау-кендік немесе геологиялық бөлуді қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылады. 

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптастырылған тарату қорын қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады. 

12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша барлық шығыстар, егер беру шарттарында өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының шығыстарына жатқызылады. 

13. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшартқа тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiгiне әкеп соғады және осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар тiркелген кезден бастап жасалды деп есептеледi. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiнде азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған кезде не жер қойнауын пайдаланушының құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беру үшін негіз болған анық емес ақпарат беру фактiсi анықталған кезде не осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерi сақталмаған кезде келiсiмшартқа өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуден бас тартуға құқылы. 

Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге құқықтарды беру осы баптың ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделеді. 

14. Жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді беруге бағытталған, құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының осы баптың 2-тармағында көзделген рұқсаты болмай, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ осы баптың 6-тармағына сәйкес берілетін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз жасалған мәмілелер мен өзге де іс-әрекеттер олар жасалған кезден бастап жарамсыз болады. 

Жасалған мәміле туралы құзыретті органға ол жасалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде хабарламау мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

14-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

Осы тармақтың талабы құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты тиісінше хабардар етілген кезде, осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда қолданылмайды. 

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...130
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться