< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 62 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
62-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын дайындау

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын конкурстың жеңімпазы не онымен келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға әзірлейді және ол келіссөздер арқылы құзыретті органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі. 

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы модельдiк келiсiмшарт, тiкелей келiссөздер хаттамасы немесе тендер жеңiмпазының конкурстық ұсынысы, аукцион жеңімпазының өтінімі және аукцион хаттамасы негiзiнде әзiрленедi. 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасының ережелері келісімшарт талаптарына осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың жобасы осы Заңның талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының бағалау жұмыстарының жобасын әзірлеу жөніндегі міндеттемелерін көздеуге тиіс. 

3. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттың (шарттың) жобасын және осы Заңның 57-1-бабында көзделген тәртіппен жасалатын барлауға арналған үлгілік келісімшарттың жобасын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы міндетті құқықтық сараптамаға жатады. Өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған келісімшарттың жобасы да міндетті экономикалық сараптамаға жатады. 

Сараптамалар келісімшарт ережелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан жүргізіледі. 

Сараптамалық қорытындыларды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк орган тиiстi сараптаманы жүргiзуге қажеттi құжаттардың толық пакетiн берген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi. 

Сараптама нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол теріс немесе оң болуы мүмкін. 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға үміткер тұлға мемлекеттік органның сараптамалық қорытындыда жазған ескертулерін жою мақсатында келісімшарт жобасын пысықтайды. 

Көрсетілген ескертпелер жойылған жағдайда, мемлекеттiк орган қайталама сараптама жүргiзедi. 

Құқықтық және (немесе) экономикалық сараптаманың ескертулерімен келіспеген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға үміткер тұлға өзінің дәлелді қарсылықтарын құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына оларды келісім комиссиясында қарау үшін жіберуге құқылы. 

Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынылған қарсылықтарды қарау үшін он күндік мерзімде келісім комиссиясын құрады. Келісім комиссиясының құрамына құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының, ескертулер ұсынған мемлекеттік органдардың және келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның өкілдері кіреді. Келісім комиссиясы отырыс нәтижелері бойынша хаттамада көрсетілетін ұсынымдарды әзірлейді. Келісім комиссиясының ұсынымдары ескеріле отырып, келісімшарт қайталама сараптамаға жіберіледі. 

4. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

5. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...130
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться