Ст. 19 Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142
Коммерциялық емес ұйымдар туралы
19-бап. Коммерциялық емес ұйымды құру
1. Коммерциялық емес ұйым, оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылуы мүмкін.
Дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым "Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның немесе мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым коммерциялық ұйым ретінде құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын қайта құру нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Дербес кластерлік қор ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрыла алады.
2. Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қоспағанда), оны қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамдық бiрлестiктер олардың жарғысы қабылданып, органдары қалыптастырылатын құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтың құрылтайшылары болып табылуы мүмкін.
3. Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабiлеттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.
Коммерциялық емес ұйымның айналысуға лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензияны алған кезден бастап туындайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей