Ст. 31 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ
Құқықтық актілер туралы
31-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар
Ескерту. 31-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптамалық комиссияға) тапсырылуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы уәкілетті ұйым жүргізеді.
2-1. Ғылыми құқықтық сараптама объектілеріне ғылыми құқықтық сараптаманы ғылыми құқықтық сарапшы (ғылыми құқықтық сарапшылар) жүргізеді.
3. Жоба бойынша мамандықтары әртүрлi сарапшылардың кешендi сараптамасы немесе алуан түрлi дербес сараптамалар, ал қажет болғанда – қайталама сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
5. Сарапшылар ретiнде басқа мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.
Ғылыми сараптама жүргізу үшін жоба шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей