< Төлемдер және төлем жүйелері туралы

Ст. 13 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2024

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
13-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну

1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясынсыз немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеусіз Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар төлем агенттерінің және қосалқы төлем агенттерінің, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметіне қолданылмайды.

2. Көрсетілетін төлем қызметтерін:

1) осы Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді – банктер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге және аударым операцияларына арналған лицензиясы болған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясынсыз қызметін жүзеге асыратын банктер;

2) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілгендерді – осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның аударым операцияларына арналған лицензиясы болған кезде ұсынады. Бұл ретте:

осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын ұйым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясы болған кезде;

осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін – Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ онда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның клиенттердің банктік шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясы болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметін ұсынады;

3) пошта операторы осы баптың 12-тармағында белгіленген шарттарды сақтай отырып, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.

Пошталық ақша аударымдары бойынша қызметтер көрсету тәртібі "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;

4) төлем ұйымы есептік тіркеудің тіркеу нөмірі болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3), 7) – 9) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін;

5) төлем агенті және қосалқы төлем агенті банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және төлем ұйымдары үшін рұқсат етілген көрсетілетін төлем қызметінің түрлері шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.

3. Төлем ұйымы банкпен немесе төлем агентімен жасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт негізінде банктің төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Төлем ұйымы қызметтерді берушімен жасалған шарт болған кезде осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынады.

Банкпен және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарт болған кезде төлем ұйымының клиенттің банктік шотын ашпай бюджетке төлемдер қабылдау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуына жол беріледі.

Төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсету кезінде өзінің банктік шотын тек осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету үшін ғана ақшаны есепке жатқызу мақсатында пайдаланады.

Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету шарттарында ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан көрсетілетін қызметтер берушінің банктік шотына аудару тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ төлем ұйымына көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін сыйақы беру тәртібі және төлем ұйымын көрсетілетін төлем қызметін ұсынуға тарту шарттары айқындалуға тиіс.

4. Көрсетілетін төлем қызметі клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасында жасалған шарт негізінде көрсетіледі, онда мынадай елеулі талаптар болуға тиіс:

1) көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері және жалпы сипаттамасы;

2) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың тәртібі және ең ұзақ мерзімі;

3) алынатын алымдар мен комиссиялардың мөлшері немесе осы ақпарат қамтылған интернет-ресурсты көрсету және оларды алу тәртібі;

4) көрсетілетін төлем қызметі туралы ақпарат ұсыну тәртібі;

5) рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібі;

6) көрсетілетін төлем қызметін шетел валютасымен көрсету кезінде қолданылатын айырбастау бағамын айқындау тәртібі;

7) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметін ұсынудан бас тарту құқығы сақталатын шарттар;

8) рұқсат етілмеген көрсетілетін төлем қызметтері жөніндегі мәселелерді реттеу тәртібі;

9) клиенттің шартты бұзуға құқығы;

10) наразылықтар білдіру және даулы жағдайларды шешу тәртібі;

11) нұсқауды орындаудан негізсіз бас тартқаны және тиісінше орындамағаны үшін залалды өтеу бойынша төлемнің тәртібі мен мөлшері.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде қажетті қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.

5. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші осы баптың 4-тармағында көзделген шарт талаптарын клиент үшін оларды жақсарту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиентті өздері арасындағы шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде комиссиялардың өзгергені туралы хабардар ететін халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылған кезде алынатын комиссияларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтері бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін беруші мен клиент арасында шарт жасау күніне белгіленген комиссияны ұлғайту жағына біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы біржолғы тәртіппен көрсетілетін төлем қызметі бойынша клиентті көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғанға дейін шарттың осы баптың 4-тармағында көзделген елеулі талаптарымен қазақ немесе орыс тілдерінде таныстыруды қамтамасыз етеді.

6. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғанға дейін клиентке ұсынылатын көрсетілетін төлем қызметі бойынша көрсетілетін төлем қызметін беруші алатын ақшалай мәндегі комиссияның мөлшері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.

7. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші тек клиент нұсқауының шарттары негізінде және соған сәйкес көрсетілетін төлем қызметін ұсынады.

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің клиент нұсқауының шарттары мен деректемелерін өзгертуіне тыйым салынады.

8. Көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу үшін клиент өзінің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің де, көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің де қашықтан қол жеткізу жүйесін пайдалануға құқылы.

9. Клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіден көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу құқықтарын іске асыру мақсатында клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес клиенттің банктік шотына және ақпаратына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

Осы тармақтың талабы клиенттердің банктік шоттарына қызмет көрсететін және интернет-ресурс арқылы электрондық банк қызметтерін ұсынбайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қолданылмайды.

10. Клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің бұйрығы бойынша және оның сәйкестендіру құралдары арқылы расталған келісімімен үшінші тұлғаларға клиенттің банктік шотының бар-жоғы, нөмірі және банктік шоты бойынша операциялар туралы ақпаратты беруге тиіс.

11. Комиссияны төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан шегеру арқылы алу талабы бенефициар және бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаны үшін комиссияны төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасынан алуға тыйым салынады. Бенефициардың көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бенефициарды қабылданған төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы және одан жүргізілген шегерімдер туралы хабардар етеді.

12. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсыну кезінде мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді:

1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес клиентке тиісінше тексеру мен сәйкестендіруді жүргізу;

2) төлем ұйымының осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) және 7)тармақшаларында көзделген қызметтерді көрсету жағдайларын қоспағанда, ақша жөнелтуші және бенефициар бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген деректемелердің төлем және (немесе) ақша аударымы туралы төлем құжатында болуы және оларды төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушыға беру;

3) ақша жөнелтушіні және (немесе) бенефициарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді көрсетілетін төлем қызметі ұсынылғаннан не клиенттің банктік шоты жабылғаннан кейін бес жыл бойы сақтау;

4) клиенттің сәйкестендіру құралдарының үшінші тұлғалардың қол жеткізуінен сақталуы.

13. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметін ұсынғаннан кейін (төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін төлем қызметін қоспағанда) клиентке көрсетілетін төлем қызметін ұсыну фактісін растайтын құжатты қағаз жеткізгіште не телекоммуникация желілері арқылы ұсынады.

Көрсетілетін төлем қызметін ұсынуды растайтын құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

14. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға ашуға жол бермейді.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісінің келісімімен дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бейрезиденттердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген мақсаттар үшін жинауға құқылы.

15. Төлем ұйымына қызметтің мына түрлерін:

1) жылжымайтын мүлікті сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды;

2) жарнамалық, маркетингтік, консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді;

3) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, бейімдеуді, түрлендіруді, техникалық қолдауды;

4) электрондық терминалдарды, төлемдер жөніндегі ақпаратты өңдеуге және беруге арналған басқа құрылғылар мен жабдықтарды сатып алуды, сатуды, мүліктік жалдауды;

5) есептеу техникасын және ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қызметті, оның ішінде ақпараттық-техникалық көрсетілетін қызметтерді, төлемдер жөніндегі деректерді өңдеу мен беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, дерекқорлар мен ақпараттық ресурстарды құруды және пайдалануды;

6) логистика және курьерлік қызмет саласындағы агенттік және делдалдық қызметті орындауды қоса алғанда, осы салалардағы көрсетілетін қызметтерді;

7) ақпараттық жүйелер мен желілерді құруды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

8) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу мен іске асыруды;

9) электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растау бойынша көрсетілетін қызметтерді;

10) төлем жүйесіне қатысушы немесе оның операторы ретіндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

16. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші үшінші тұлғалармен аутсорсинг туралы шарт жасасуға құқылы.

Аутсорсинг кезінде көрсетілетін төлем қызметтерін беруші бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін аутсорсинг туралы шарт жасалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

17. Аутсорсингке:

1) көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу тәуекелі туындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның көрсетілетін төлем қызметтері нарығын бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі жасаған;

2) егер үшінші тұлға көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарға сай болмаған;

3) аутсорсинг және көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге қойылатын шарттар арасында қайшылықтар болған;

4) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге негіз болған шарттарды аутсорсинг жойған немесе өзгерткен;

5) үшінші тұлға аутсорсинг туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда жол берілмейді немесе ол тоқтатылады.

18. Аутсорсинг тәртібі көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің ішкі қағидаларында және аутсорсинг туралы шартқа сәйкес айқындалады.

Үшінші тұлғаның аутсорсинг туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші азаматтық-құқықтық жауаптылықта болады. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынудың үздіксіздігі және сапасы, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделері қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін төлем қызметтерін беруші қажет болған кезде аутсорсинг туралы шартты бұзады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...60
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные



Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные



Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер



На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.

С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?

Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.

Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.

Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.

Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?

Заранее спасибо.



в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться