Ст. 32 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ
Төлемдер және төлем жүйелері туралы
32-бап. Төлем талабы
1. Төлем талабын пайдалана отырып жасалатын төлемдер кезіндегі құқықтар мен міндеттер оны ақша жөнелтушінің банкіне ұсынған кезден бастап туындайды.
2. Төлем талабы, осы Заңның 26-бабында көзделген тәртіппен оны берген жағдайларды қоспағанда, бенефициардың банкіне немесе ақша жөнелтушінің банкіне онда көрсетілген үзінді көшірме жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде беріледі.
3. Банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою жағдайларын қоспағанда, бенефициардың төлем талабын қою құқығы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленеді.
4. Жасалған қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясы не кепілдікті беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін банктердің, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның, ипотекалық ұйымдардың, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың төлем талабын пайдалануына жол беріледі.
Банктер, банктік қарыз шарттары жөнінде өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, ипотекалық ұйымдар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар төлем талабын ақша жөнелтушінің банкіне ақша жөнелтушінің өз банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімін қамтитын құжаттың негізінде қояды.
Қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қою тәртібі, сондай-ақ оған ақшаныалып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берудің қажеттілігі туралы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Ақшаны алып қоюдың негізділігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін банктер арасында орнатылған электрондық байланыс арналары арқылы жіберуге жол беріледі.
Қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын қоюдың негізділігіне өндіріп алушы жауапты болады.
5. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушінің:
1) ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта;
2) қарыз шартында, кредиттік желіні ашу туралы келісімде немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатта қамтылған банктік шотынан ақша алып қоюға келісімі болған кезде төлем талабын ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы орындайды.
6. Ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша жеткіліксіз болған кезде оның банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабын орындау ақшаның банктік шотқа түсуіне қарай жүзеге асырылады.
Осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен ақша жөнелтуші жеке тұлғаның ағымдағы шотына қойылған төлем талабы оның ағымдағы шотын ондағы ақша сомасының және (немесе) кейіннен оның ағымдағы шотына түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде, төлем талабында көрсетілген барлық соманың түсуін күтпестен, тікелей дебеттеу арқылы орындалады. Бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Көрсетілген шектеу жеке тұлғаның жинақ шотындағы ақшасына қолданылмайды.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей