< Төлемдер және төлем жүйелері туралы

Ст. 56 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
56-бап. Рұқсат етілмеген төлемдер

1. Егер төлемді жасауға өкiлеттiгi бар тұлға осы төлемді жүргізсе және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, рұқсат етілген төлем болып табылады. Төлем ақша аударымы арқылы жүзеге асырылған жағдайда, егер ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің белгіленген тәртібін сақтай отырып қабылдаған кезде де, төлем рұқсат етілген болып табылады. 

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылған төлем және (немесе) ақша аударымы рұқсат етілмеген болып табылады. Жалған төлем құралдарын пайдалана отырып жүргізілген төлемдер немесе ақша аударымдары да рұқсат етілмеген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары болып табылады. 

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында және(немесе) нұсқау бастамашысы мен оны алушы арасындағы және нұсқауларға немесе бастамашының оларды керi қайтарып алу туралы өкiмдерге бастамашылық ету (рұқсат ету) туралы деректердi тексеруге және ықтимал қателердi анықтауға жасалған шартта белгiленген тиiстi нормаларды сақтау рұқсат етілмеген төлемдерден және (немесе) ақша аударымдарынан қорғау болып табылады. 

4. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе ақша жөнелтуші төлемдерді электрондық төлем құралдарының көмегімен жүзеге асыру кезінде рұқсат етілмеген төлемдерден қауіпсіздік рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді. 

Қауіпсіздік рәсімдеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

5. Қорғау әрекеттерінің элементтері ретінде уәкілетті адамның (адамдардың) қолтаңбасы, оның ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбасы, мөрлер, алгоритмдер, кодтар (цифрлық, символдар қолданылатын әріптік және аралас), сәйкестендіруші сөздер немесе сәйкестендіру кодтары, шифрлау, биометрикалық деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғаудың өзге де тәсілдері пайдаланылуы мүмкін. 

6. Қауіпсіздік рәсімдері төлемдерге және(немесе) ақша аударымдарына қатысушылар арасында жасалған шарттарда және (немесе) электрондық құжаттар беру жүзеге асырылатын электрондық құжаттар алмасу жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.
Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...60
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться