Ст. 16-2 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
1. Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті. 2. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе жалға алу (кемінде үш жыл) немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
2) бонитирлеу және (немесе) индекстік бағалау жүргізуге;
3) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау және (немесе) геномдық бағалау жүргізуге;
4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуға;
5) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізуге міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
4) асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің көшірмелері;
5) өндірістік үй-жайлар кешендерінің (асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелері;
6) сәйкестендіру жүргізілгенін растайтын ветеринариялық паспорттар қоса беріледі.
7) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе жалға алу (кемінде үш жыл) немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуі;
2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
4) стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде үш жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелері қоса беріледі.
6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) "ауыл шаруашылығы және биоресурстар" немесе "ветеринария" бағыты бойынша білімі туралы дипломның;
3) жануардың тиісті түрі бойынша бонитерлерді (сыныптаушыларды) оқыту курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.
7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) "ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "ветеринария" бағыты бойынша білімі туралы дипломның немесе техник-ұрықтандырушыны оқыту курстарынан өткені туралы құжаттың немесе осы бейін бойынша кемінде алты ай жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
3) алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелерін қоса береді.
8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) "ауыл шаруашылығы және биоресурстар" немесе "ветеринария" бағыты бойынша білімі туралы дипломның;
3) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарынан өткені туралы құжаттың;
4) материалдық-техникалық базаның (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) меншік құқығында болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу (кемінде бір жыл) шартының немесе лизинг шартының көшірмелерін қоса береді.
9. Алып тасталды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
Ескерту. 16-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей