< Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Ст. 16-3 Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) есепке алу

Ескерту. 16-3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Асыл тұқымдық өнiм (материал) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорында және (немесе) қағаз жеткізгіштерде есепке алынуға жатады. 

Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымды жануарлар туралы деректер енгізіледі. 

Асыл тұқымды малдың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары бойынша неғұрлым құндылары туралы деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі. 

Асыл тұқымдық кiтапқа және асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады. 

Жануардың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді. 

Ескерту. 16-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16‑1 16‑2 16‑3 16‑4 16‑5 ...33
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться