Ст. 11 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері
1. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқаратын ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қатардағы және басшы құрамындағы адамдар, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері жатады. 2. Теңіз кемелерінің капитандары, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, сондай-ақ олар уәкілдік берген адамдар күзетте ұстау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді атқару кезеңінде күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне осы заңда берілген міндеттерді атқарады және құқықтарды пайдаланады.
3. Осы Заңда күзетте ұстау орындары әкімшілігінің басшылары болып:
1) тергеу изоляторларының бастықтары;
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бастықтары;
3) уақытша ұстау изоляторларының бастықтары;
4) қарауында уақытша ұстау изоляторлары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi аумақтық бөлімшелерінің бастықтары;
5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция органдарының бастықтары ұғынылады.
6) алып тасталды - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу үшін арнаулы даярлығы, білімі және дағдылары болуға тиіс.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.07.10 № 338, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.29 № 25, 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей