Ст. 29 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері
1. Сезікті және айыпталушы әйелдер үш жасқа дейінгі балаларын өздерімен бірге ұстай алады.
2. Күзетпен ұстау орындарында жүкті әйелдер және өзімен бірге балалары бар әйелдер үшін жақсартылған материалдық-тұрмыстық жағдай жасалады, мамандандырылған медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен айқындалатын тамақтандырудың және затпен қамтамасыз етудің көтеріңкі нормалары белгіленеді.
3. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге күн сайын ұзақтығы үш сағатқа дейінгі серуен беріледі.
4. Жүкті әйелдерге және жанында балалары бар әйелдерге жазалау шарасы ретінде тәртіптік изоляторға отырғызуды қолдануға болмайды.
5. Қажет болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі заңда белгіленген тәртіппен баланы туыстарына немесе өзге де адамдарға не балалар мекемесіне уақытша беру туралы өтініш жасауы мүмкін.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей