Ст. 5 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері
Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері: 1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алынғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстап алу хаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбиелену жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 540-бабында көзделген тәртіппен заңға сәйкес бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы мүмкін;
3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторларына, арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;
3-1) заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнына орналастыру ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Мұндай адамдардың жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі;
4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей