Ст. 28-2 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
28-2-бап. Тәлімгерлік
1. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті өтеусіз негізде жүзеге асыратын тәлімгер бекітілуі мүмкін. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.02.2025 № 163-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Тәлімгер жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға өз бетінше өмір сүруге дайындалуға жеке қолдау мен көмек көрсетеді.
3. Мыналар тәлімгер бола алмайды:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
3) жұбайын (зайыбын) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған адам;
4) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адам;
5) өзіне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адам;
6) бұрынғы бала асырап алушы, егер оның кінәсінен сот бала асырап алудың күшін жойса;
7) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам (адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi);
8) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;
9) дәстүрлi емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам;
10) тәлімгер болып тағайындалған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адам;
11) тәлімгерлік белгіленген кезде өзін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;
12) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған адам;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.02.2025 № 163-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру сияқты, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) тәлімгер бола алмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 10.02.2025 № 163-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Егер тәлімгер болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) – 6), 10), 12) және 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
4. Тәлімгердің:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.02.2025 № 163-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрып жатқан балаға баруға, сондай-ақ баланың және осы білім беру ұйымы басшысының келісімімен баламен тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасауға;
2) білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) баланың қосымша білім беру қызметтерін, тәрбиелік және медициналық қызметтерді алуына көмек көрсетуге құқығы бар.
5. Тәлімгердің:
1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкетуге;
2) медициналық көмек көрсету үшін баланы медициналық ұйымға орналастыру немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, баламен оның тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасаған кезде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қарауына қалдыруға;
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқығы жоқ.
6. Тәлімгер:
1) баламен бірге болу кезеңінде оның өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;
2) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, бала тұрып жатқан білім беру ұйымына баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, оның ауырып қалғаны, жарақат алғаны, медициналық көмек көрсету үшін баланың медициналық ұйымға орналастырылғаны немесе ішкі істер органдарына жеткізілгені туралы дереу хабарлауға;
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын сақтауға міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7, 8, 9, 10-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 10.02.2025 № 163-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 28-2-баппен толықтырылды – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей