Ст. 3-1 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, баланың құқықтарының негізгі кепілдіктерін нығайту және құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып танылады:
1) балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау басымдығы;
2) балалардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту;
3) әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
3. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру;
2) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және іске асыру;
3) балалардың дене бiтiмi, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың бойында патриотизм, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, Қазақстан халқының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдарды құру;
5) балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру және оның тиімді жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
6) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу.
Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы



Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей