Ст. 20 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688
Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi
1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады. 2. Үкімет мүшелері:
1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
2) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) саясатты қалыптастырады;
3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.
3. Министрліктердің басшылары болып табылмайтын Үкімет мүшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін олар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06. № 379 Конституциялық заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19. № 267; 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей