< Құқық қорғау қызметi туралы

Ст. 23 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Құқық қорғау қызметi туралы
23-бап. Бірінші және кезекті арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді және біліктілік сыныптарын беру тәртібі

Ескерту. 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берілу ретіне қарай бірінші және кезектi болып бөлiнедi. 

1-1. Мыналар: 

1) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер; 

2) кіші басшы құрам үшін – кіші сержант (сержант); 

3) орта басшы құрам үшін – кіші лейтенант (лейтенант), 3-сыныпты заңгер бірінші арнаулы атақтар немесе сыныптық шен болып есептеледі. 

2. Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын (бірінші және кезектi) уәкілетті басшы бередi. 

3. Орта және аға басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы береді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Кiшi лейтенанттың бірінші арнаулы атағы: 

1) қатардағы немесе кіші басшы құрам лауазымдарын атқарып жүрген, жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының соңғы курстарында оқитын және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; 

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітірген, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған азаматтарға беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Лейтенант арнаулы атақтары: 

1) кiшi лейтенанттарға – арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң осы Заңда белгiленген мерзiмiнің өтуі бойынша, ал жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітіргендерге – бұл атақта еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан; 

2) қатардағы қызметкер мен кiшi басшы құрамның арнаулы атақтары бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын бiтiрген және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; 

3) жоғары бiлiмi бар, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен және орта немесе аға басшы құрам лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiледi. 

5-1. Алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6. Басшы құрамның кезектi арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерге сәйкес болған жағдайда және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң реттілік тәртібімен берiледi. 

7. Орта және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін: 

1) капитанға, 1-сыныпты заңгерге дейін қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы; 

2) полковникке дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы береді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтары, сыныптық шендері және біліктілік сыныптары Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтін лауазымдар тізбесі және тәртіп бойынша беріледi. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-1. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы: 

генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші, 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы қызметкерге жоғары басшы құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник, аға кеңесші атағында, 1-санатты біліктілік сыныбында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары басшы құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін; 

генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін; генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін. 

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы мерзімінен бұрын берілуі мүмкін. 

9. Бағынысты қызметкердi кезектi арнаулы атақты немесе сыныптық шенді беруге ұсынуды негiзсiз кешiктiрген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

10. Орта және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ оқу ақысын бюджет қаражаты есебінен төлей отырып, құқық қорғау органдарының жолдамалары бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқитындарға – оқуға түскеннен кейiн, осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерге енгiзiлген өзгерiстер ескерiлместен, олар оқуға түскенге дейiн атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес тиiстi арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмiнің өтуіне орай; кезектi арнаулы немесе әскери атақтар, сыныптық шендер қызметкерлер оқуды аяқтаған соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда – білім беру ұйымдарын, магистратураны, докторантураны бiтiруіне орай берiледi. 

11. Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер білімі мен еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен беріледі. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...22 22‑1 23 24 25 ...85
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться