Ст. 15-2 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217
Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
15-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
Ескерту. 15-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде уәкілетті органның шешімімен патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және патенттік сенiм білдірілген өкілді патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізу туралы тиісті мәліметтердің күші жойылады.
3. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.
5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тиісті ақпарат көрсетіле отырып, патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. Заң 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
1. Шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға байланысты немесе өзара принцип негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
2. Егер осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және топологияларды құқықтық қорғауға қатысты өзге де актілерде көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Лучшие юристы
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей