Ст. 7 Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1. Жергілікті өкілді органдар: 1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) жергілікті бюджеттердің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған шығыс бөлігін бекітеді және оның орындалуын бақылайды;
3) азаматтардың және ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі.
2. Жергілікті атқарушы органдар:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) жергілікті деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды жүргізеді;
5) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;
6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылу қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей