< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Ст. 19-2 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
19-2-бап. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіздер

1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі: 

1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар; 

2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін ішкі істер органы қызметкерінің тікелей анықтауы; 

3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады. 

2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. 

Ескерту. Заң 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу 

1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады. 

2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемелекеттік органы мен мекемесінің өкілі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді. 

3. Профилактикалық әңгімелесу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі мемлекеттік органдарының қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқуы, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. 

4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін кәмелетке толмаған адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі. 

5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. 

Ескерту. Заң 19-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
19-4-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс 

1. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдары тиісті ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыныс жібереді. 

2. Тиісті ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы ұсынысты алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдарына ұсынысты қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы жазбаша түрде ақпарат беруге міндетті. 

Ескерту. Заң 19-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау 

1. Профилактикалық есепке алу кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі. 

2. Профилактикалық есепке: 

1) өздеріне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған; 

2) өздеріне қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған; 

3) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын іс-әрекеттер жасаған; 

4) өздеріне қатысты қамаққа алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталған немесе күдік келтірілген; 

5) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған; 

6) шартты түрде сотталған, қоғамдық жұмыстарға тартылуға сотталған, түзету жұмыстарына, бас бостандығынан айырумен байланысты емес өзге де жаза түрлеріне сотталған; 

7) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының түлектері қойылады. 

3. Профилактикалық есепке кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасы, заңды өкілдері қойылады. 

4. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары жүргізеді. 

5. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасының, заңды өкілдерінің мінез-құлқын жүйелі түрде байқауды қамтиды. 

6. Мүдделі тұлғалар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады. 

7. Ішкі істер органдары кәмелетке толмаған адамды, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ оның мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмаған адамның ата-анасын, заңды өкілін профилактикалық есепке қою туралы шешім шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. 

8. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылау қолданылатын мерзім өткеннен кейін адам профилактикалық есептен шығарылып, бұл жөнінде жазбаша нысанда хабардар етіледі. 

9. Профилактикалық есепке алуда қамтылатын мәліметтер тек қана кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шегінде пайдаланылуы мүмкін. 

10. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 19-5-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.07.2014 № 236-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...19 19‑1 19‑2 19‑3 19‑4 ...36
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться