Ст. 19 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
19-бап. Жеке профилактикасы шаралары
1. Жеке профилактикасы шаралары: 1) қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) арнаулы бiлім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында ұсталатын кәмелетке толмағандарға және олардың түлектеріне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын;
3) адамның психикикасына дене мүшесi функциялары мен мiнез-құлқына керi әсерiн тигiзетiн алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi құралдарын, психотроптық және өзге де күштi әсер ететiн заттарды шамадан тыс пайдаланатын;
4) дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына бармайтын;
4-1) өздеріне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған;
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылықтан немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып, тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған;
6) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатылған;
7) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер жасаған;
8) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;
9) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;
10) жазасын өтеу кейiнге қалдырылған немесе үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырылған;
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған;
12) ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған және сот тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жазадан босатқан;
13) шартты түрде, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, бас бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау шараларына сотталған кәмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi.
2. Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары, басқа да заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамаса, олардың мiнез-құлқына терiс әсер етсе, оларға қатысты, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты да жеке профилактикасы шаралары жүргiзiледi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV, 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей