< Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы

Ст. 7 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
7-бап. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құзыреті

Терроризмге қарсы іс-қимылды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары:

Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;

террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асырады;

терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастырады;

қарсы барлау іс-шаралары арқылы террористік әрекетке қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

шет мемлекеттердің тиісті құзыретті органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;

террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл саласында барлау қызметін жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының террористік қатерлерден қорғалуын қамтамасыз етуге қатысады және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін айқындайды;

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары:

Қазақстан Республикасының заңдарымен өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және оларды тергеп-тексереді;

терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысады;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды;

терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ күзетілетін объектілердің, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі:

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, өзге де күзетілетін адамдардың және күзетілуге жататын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, күзет іс-шараларын ұйымдастырады және жүргізеді;

санаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекітеді және терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша оларға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

күзетілетін адамдардың болуына арналған, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды белгілеуге құқылы;

күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келіседі, есепке алуды, сақтауды және (немесе) жоюды жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операциялар жүргізіледі;

4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жер беті кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;

5) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органы қаржы мониторингін жүзеге асырады және "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданады;

7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады;

7-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

8) сыртқы саясат саласындағы уәкілетті орган терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының іске асырылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының шет елдердегі террористік тұрғыдан осал мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;

9) байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар құндылықтарды және этносаралық келісімді насихаттауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінде терроризм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;

9-1) мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуі мен экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларға қатысады;

11) мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдарды және терроризм көріністерінің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруды жүзеге асырады;

12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган гидротехникалық құрылыстардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, аса қауіпті организмдер көздерінің физикалық қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;

13) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарды көлік-коммуникация саласының объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттерді шешуге қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;

14) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) экономикалық тергеу қызметі террористік қылмыстар жасау құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және өзге де нәрселерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізуді анықтау және оның жолын кесу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ терроризмді қаржыландыру көздерінің, арналарының және тәсілдерінің алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді жүзеге асырады;

16) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;

17) әділет органдары терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;

18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша шараларды іске асыруды және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

19) білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарында факультативтік сабақтар ұйымдастыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды қамтамасыз етеді, террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;

20-1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган патогенді биологиялық агенттер пайдаланылатын және (немесе) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты терроризм актілеріне және (немесе) диверсияларға, патогенді биологиялық агенттерді бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару ретінде әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және пайдалану үшін биологиялық технологиялар мен өзге де аралас технологияларды қолдануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

21) діни қызмет саласындағы уәкілетті орган конфессияаралық келісімді, азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз етеді және күш қолдану идеологиясы мен терроризмді насихаттауға жол бермеу мақсатында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 № 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 326-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...24
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться