< Мақта саласын дамыту туралы

Ст. 11 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау

Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) осы Заңның 7-бабы 18) тармақшасының екінші абзацына сәйкес жүзеге асырады. 

Мақта талшығының сапасына сараптама жасауды аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бума бойынша) шарт негізінде жүзеге асырады. 

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілердің, мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының
қызметі


Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
12-бап. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтары мен міндеттері  

1. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері: 

1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес берілген жер учаскелерінде шитті мақта өсіруге; 

2) өзіне тиесілі мақтаға өз қалауы бойынша иелік етуге, оны пайдалануға және оған билік етуге; 

3) мақта саласын дамытуға мемлекеттік қолдау алуға; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы. 

2. Мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:  

1) мақта өндіруді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ мұндай қызметтің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін болдырмайтын немесе шектейтін тәсілдермен жүзеге асыруға; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Статья 1 ...9 10 11 12 12‑1 ...42
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться