< Мақта саласын дамыту туралы

Ст. 5 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын қалыптастыру және іске асыру; 

2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру: 

тұқымдық мақсаттар үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру; 

мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу; 

шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологиялары мен мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу; 

мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу; 

ауыл шаруашылығы ақылдары зиянкестерінің, ауруларының, карантиндік арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау мен есепке алуды жүргізу және оларға қарсы күресте инновациялық биологиялық және басқа да әдістерді енгізу; 

мақта саласы мен тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау; 

мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау; 

3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу; 

4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық несие беру; 

5) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге жұмсалған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған мақтаның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген тұқымдарының құнын арзандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқымдарының сорттық және егістік сапасын айқындау; 

7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру; 

7-1) мақта нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және дамыту; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру; 

9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыптасуына жәрдемдесу. 

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...3‑1 4 5 5‑1 6 ...42
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться