< Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы

Ст. 13 Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк

1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:

1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;

2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);

3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;

4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;

5) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;

6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;

7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.

2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.

4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...23
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться